Қош келдіңіз!

Қара зире майы

Қара зире майы

«BONNE» қара зире майы Қазақ Тағамтану Академиясымен мақұлданған. Иммун тапшылығы мен аллергияда ұсынылады
Бағасы: 1180 тг.
Мөлшері: 100 мл

Тауардың саны:       

Толық ақпарат

 Қара зиренің тарихы

   Қара зире — Шығыстың аты аңызға айналған өсімдігі, дәстүрлі шығыс медицинасымен дәрізат ретінде әр-түрлі ауру-сырқаттан қолданылады.
Замануи археологиялық зерттеулердің деректері бойынша қара зире майын халық медицинасында қолдану тарихы 3000 жылдан асады. Қара зире майының ғажап емдік қасиеттері туралы өз медициналық еңбектерінде әйгілі Гиппократ, көне грек фармакологы Диоскорид пен Авиценна өзінің әйгілі «Дәрігерлік ғылым қағидасы» кітабында атап өткен. Көне Мысыр тұрғындары қара зире майын табиғи косметикалық құралы ретіндежәне жыланның шаққанда уға қарсы дәрізаттың құрамында пайдаланатын, және де осы пайдалы өсімдікті тамаққаа да тұтынатын.
Қара зире Құран мен Мұхаммед пайғамбардың аңыз-әнгімелерінде «өлімнен басқа аурудан сақтайтын құрал» ретінде аталады.
1989 жылы  Пәкістан медициналық журналында  қара зире майының  ғажап қасиеттері туралы мақала пайда болды. Ал 1992 жылы  Даккада (Бангладеш)  университеттің медициналық департаментінде қара зире майының бактерияларға қарсы қасиеттері мықты антибиотиктермен салыстырылып, зерттелді.  Фактілер сөзсіз таңғалдырады – қара зире майы өзін кейбір бактерияларға қарсы аса тиімді құрал ретінде көрсетті, соның ішінде медициналық құралдарға аса қатты әсер беретіндерге де қарсы. 
Сонымен қатар ғылыми зерттеудің көрсеткені бойынша, зире  шаштың өсуін жақсартады,  тіпті уақытынан бұрын ағаруды тоқтатады. 
Жоғарыда аталған зерттеулер аясында, гомеопаттар қара зире майын өз тәжірибесінде баяғыдан бері пайдаланып жүргенін атап өткен аса қызықты болады.  
Осылайша, 1959 жылдан бері халықаралық университеттерде  200 аса зерттеу жүргізілді, олардың таңқалдырар нәтижелері мақалалар мен баяндамаларда, әр түрлі бұқаралық қапарат құралдарында жарияланған болатын. 
Қара зире майының құрамындағы пайдалы заттар
Қара зире тұқымының құрамында 100 аса әр түрлі құрағыш пен биологиялық реакцияларды жеделдететін табиғи биосинтез жасушаларының 50 шақты катализаторы бар. Олардың ішінде: липаза (майларды қорытуға және ерітуге көмектесіп, сол арқылы май қышқылдарын ағза ұлпаларына жеткізуді қамтамасыз етеді); токоферолдар (бас антиоксидант-құнарлы заттек болып табылады, барлық репродуктивті үдерістерге қатысады); флавоноидтер (ағзаның қышқылдандыру-қалпына келтіру реакцияларына қатысады); илік заттар (инфекцияның таралуына кедергі құрайды); алкалоидтер (ағзаны сыртқы әсерлерден қорғайды); катехиндер (мықты антиоксиданттар, иммундық жүйені нығайтады); цитокининдер (жасаушалардың бөлінуін ынталандырады); энзимдер (ағзадағы химиялық реакцияларды катализдеп, зат алмасуын реттейді), минералды тұздар, А, В, Р, Е тобының қосымша дәрумендері, минералдар, кальций, темір, мыс, мырыш, фосфор.
     Майдың құрамында линол, олеин, стеарин және пальмитин қышқылдарының көлемі басым болады. Қара зире майы бірегей май-қышқылдар құрамына ие. Қара зире майының жоғары биологиялық белсенділігі қанықпаған май қышқылдарының жоғары көлемімен түсіндіріледі.  Осы бірегей өнімнің құрамында омега-6 және омега-3 полиқанықпаған май қышқылдары бар. Олар жүрек-қан тамырлық, жүйке және ас қорыту жүйелерінің жұмысын жақсартады, қалыпты гормондық теңгерімді қалпына келтіруіне және липидтік алмасуды қалпына келтіруге көмектеседі, қабыну үдерістерінің дамуына кедергі құрайды, және де теріге жағымды әсер береді, иммунитетті нығайтуда және адам ағзсын зиянды заттардан тазартуда маңызды рөл атқарады.
 
Қара зире майның құрамына кіретін Е дәруменінде, қанықпаған май қышқылдарында сияқты, қабынуға қарсы әсері бар, ол иммунитеттің қалыптасуына белсене қатысады, терінің су теңгерімін қалпына келтіреді, жүрек пен қан тамырлары жұмысын жақсартады. Бұған қоса, бұл қуатты табиғиантиоксидант бұлшық ет жүйесінің жұмысына жағымды әсер береді, дене күші мен тһзімділігін арттырып, адамның өсімпаздық жүйесінің жұмыс істеуінде маңызды рөл атқарады.
 
Қара зире майының қуатты жараларды емдеу қасиеті айтарлықтай деңгейде осы қнімнің құрамындағы каротиноидтермен түсіндіріледі (олар ферменттердің әсерімен адам ағзасында антиоксидант-А дәруменіне айналады). Каротиноидтерден синтезжелетін А дәрумені тері мен шырышты қабықтардың белсенді жазылуына көмектеседі, коллаген синтезін ынталандырады, глюкозаның қандағы деңгейінің тұрақтануына жәрдемдеседі. А дәрумені сүйек пен тіс эмалінің толық құнды қалыптасуына, және де жыныстық гормондардың табиғи шығарылуына қажет.
 
Қара зире майының құрамындағы жоғары көлемде болатын «өсімдік гормондар» фитостеролдар адам ағзасы үшін гормондардың, D қосалқы дәруменінің және өт қышқылдарының табиғи шығарылуына қажет. Иммун ынталандыру, қабынуға қарсы және бактерицидтік әсер беретін, және де қан құрамында қант пен холестериннің көлемін төмендететін фитостеролдар қуық безі, жүрек-қан тамырлық, эндокриндік аурулардың алдын алуға тағайындалған әр түрлі дәрізаттардың құрамында жиі қолданылады.
 
 Қара зире майының пайдалы қасиеттері
Қара зире майының жүрек-қан тамырлық жүйеге беретін пайдасы. Қара зире майының құрамындағы Омега-6 және Омега-9 қанықпаған қышқылдар, фитостеролдар, флавоноидтер, А, С, Е дәрумендерінің, эфир майлары кешені қан тамырлары қабырғаларын нығайтып, иілімдігін арттырады, капиллярлардың сынушылығы мен сіңушілігін азайтады, қанның ұйысуына жол бермейді, артериалды қан қысымын төмендетеді, қандағы холестерин көлемін төмендетуге көмектесіп, қауіпті атеросклероздық дақтардың пайда болуына жол бермейді, және де жүрек-қан тамырлық жүйедегі қабыну үдеістерін болдырмайды. Жүрек пен қан тамырларына кешендік жағымды әсер ететін қара зире майы, оны күнделікті пайдаланғанда, атеросклероздың, артериалды гипертонияның, жүректің ишемиялық ауруының, вегетативтік-тамырлық дистонияның, ми қан айналымы бұзылыстарына байланысты ауруларының, веналардың варикоздық кеңеюінің, тромбофлебиттердің, тромбоздардың алдын алуында айтарлықтай пайда тигізуі мүмкін.
 
Қара зире майы ас қорыту жүйесінің жұмысын ұлғайтады. Қара зире майы тәбетті жақсартады, асқаазан мен ішек жолдарының перистальтикасын айтарлықтай жақсартады, өт айдау әсерін береді, ішек флорасының қалыпты теңгерімін қалпына келтіреді, асқазан шырынының қышқылдығын реттейді, соынмен қатар ас қорытудың бұзылысына байланысты әр түрлі диспепсиялық құбылыстарды (кекіру, жүрек айну, құсу, метеоризм, диарея) жоюға көмектеседі. Қара зире майының құрамындағы фосфолипидтер бауырдың тазарту функциясын ұлғайтады, бауырдың майлы дистрофиясының дамуына жол бермейді. Қара зире майының құрамына кіретін илік заттар, флавоноидтер, А және Е дәрумендері, полиқанықпаған май қышқылдары, фитостеролдар, мырыш пен марганец ас қорыту жүйесі органдарында қабыну және эрозиялық-ойық жаралық үдерістердің дамуына жол бермейді. Бұған қоса, қара зире майы баяғыдан бері және дәстүрлі түрде халық медицинасында әсерлі ішек құртқа қарсы құрал ретінде қолданылады. Тамақтану рационына қара зире майын енгізу гельминтозов, дисбактериоз, ас қазан мен аш ішектің ойық жара ауруының, гастрит, энтероколит, энтерит, колиттің, өт қабына тас байлану ауруының, өт жолдары дискинезиясының, панкреатит, гепатит, холецистит,  цирроздың алдын алуға көмектеседі.
  
Және де қара зире майын жүйелі түрде тұтыну төмендегілерге пайдалы болады:
- Қант диабетімен ауыратындарға, өйткені қара зире майының құрамына қандағы қант көлемін реттейтін және инсулиннің табиғи синтезіне қатысатын заттар кіреді  (олардың ішінде –А, Е, D, B1, B3 дәрумендері, фосфор, калий, мырыш, марганец, селен, және де кейбір аминқышқылдары).
- Май басуға шалдыққан адамдарға. Қара зире майының құрамындағы  Омега-6 және Омега-9 полиқанықпаған қышқылдар мен басқа да биохимиляқ құрағыштар белсенді түрде липидтік алмасу мен қандағы холестерин деңгейін төмендетуге көмектеседі. Сондықтан Көне Мысырдың арулары сымбатты тұлғаларын сақтап калу үшін тамаққа қара зире майын пайдаланатын.
- Әйелдерге бала емізген кезеңде, қара зире майының сүт шығаруды ұлғайту әсеріне орай. Бұған қоса қара зире майын бала емізген кезде емшек үшында пайда болатын жараларды жағу олардың тез әрі тиімді жазылуына көмектеседі.
- Тыныс жолдары ауырғанда, өйткені ол дене қызуын басады, қақырықты шығарып, бронхтарды кеңейтеді, оның қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, бактерицидтік және вирусқа қарсы әсері бар.  Тыныс демікпесінде, пневмонияда, бронхитте, ринитте, синуситте, гайморитте, ҚРВИ көмектеседі.
- Әйелдер мен еркектердің өсімпаздық жүйелері ауруларында. Қара зире майының құрамындағы  А және Е дәрумендері, фитостеролдар, мырыш, марганец және селен кешенде либидо және еркек күшінің ұлғаюына белсене көмектеседі, тестостеронның шығарылуын қалпына келтіреді, сперматогенез үдерісіне жағымды әсер тигізеді (сперматозоидтердің санын көбейтіп, олардың ептілігін арттырады, шәуеттің сапасын жақсартады), және де еркектің жыныс органдары жағындағы қанмен қамтамасыз етілуін ұлғайтып, оларда қабыну үдерістерінің дамуына жол бермейді. Осыған байланысты қара зире майын  эректильді функция бұзылғанда, простатитте, қуық безі аденомасында жүйелі түрде пайдалануға ұсынылады. Қара зире майы әйелдердің жыныс саласындағы функционалды жағдайына да жағымды әсер береді. Осы өсімдік өнімнің құрамындағы эстроген тәрізді фитостеролдар, Е және В тобының дәрумендері, Омега-6 және Омега-9 май қышқылдары әйел ағзасындағы оңтайлы гормоналды теңгерімді қалпына келтіруге көмектеседі, және де әелдің өсімпаздық жүйесінің органдарында ісіктер мен қабыну үдерістерінің туындауына   жол бермейді. Нақты сондықтан тамақтану рационына қара зире майын енгізу етеккір циклы бұзылғанда, мастопатияда, және де әйелдің жыныс жүйесінің қабыну-инфекциялық жүйесінің бір қатарында пайдалы болуы мүмкін.
- Несеп шығару жүйесі органдарының ауруларында.  Бактерицидтік, қабынуға қарсы және несеп айдау әсеріне орай қара зире майы  несеп тас ауруының, нефрит, пиелонефрит, цистит, уретрит және ьасқа да шығару жүйесі органдарының ауруларының алдын алуда аса тиімді пайдаланылады.
- Есте сақтау қабілеті мен жүйке жүйесінің жұмысын жақсарту үшін, ақыл-ой және дененің жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін. Қара зире майы ми және жүйке жүйесінің жұмысын жақсартатын фосфолипидтерге, мырышқа, B тобының дәрумендеріне,өте бай, және де оның құрамында бұлшық етердің толық құнды жұмыс істеуіне қажетті болатын Е дәрумені, фосфор мен кальций бар.
- Иммунитеттті нығайту үшін, онкологиялық аурулардың алдын алу үшін. Ғылыми зерттеулер антиоксиданттарға өте бай қара зире майы адам ағзасының иммундық қорғанысына жауапты болатын лимфоидтық орган -  айыр безінің жұмысын ынталандыратынын дәлелдеді.
Қара зире майын сырттай қолданғанда ол төмендегілерде аса тиімді болады:
·             Тері аурулары. Қара зире майы теріге бактерицидтік, қабынуға қарсы, вирустарға қарсы, қышымаға қарсы және аллергияға қарсы әсері бар, осыған орай ол безеу бөртуіне, терінің қышыма ауруына,   экземаға, атопиялық дерматитке, аллергиялық дерматиттерге, өсекжемге, псориазға, сүйелдерге, ұшыққа, теміреткі және басқа да дерматоздарға қарсы тиімді құрал болып табылады.
·             Ауыртпалық синдромы бар бұлшық еттер мен буындардың ауруларында.
·             Құлақ аурулары мен ринитте (тұмауда).
·             Геморройда.
Қара зире  майын келесідей қолдануға болады: проблемалық және майлы теріге күтім көрсеткенде, әр түрлі маскалар  мен кремдер құрамында; шашқа күтім көрсету маскаларының құрамында; теріні тазарту құралдарының құрамдауышы ретінде; тері мен шашқа күтім көрсететін косметикалық құралдарды дәрумендермен байыту үшін (кремдер, сусабындар, бальзамдар және т.б.).
 
Қарсы көрсетілімдері бар. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысып шығыңыз.